Қалалық вебинар
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында балабақшамызда «Эксперименттік іс-әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында қашықтықтан қалалық вебинар өткізілді. Қалалық вебинарда Нагдалиева Татьяна Кузьминична ортаңғы топта «Любите природу», Кушмагамбетова Бибигул Исембаевна ересек топта «Маңғыстау табиғаты», Тлепбергенова Айнұр Жақсылыққызы «Опыты с молоком» тақырыптарында қоршаған ортамен танысу оқу қызметтерін көрсетті.
Педагогикалық табыс
Жаңа жыл жақсы жаңалықтармен басталады! Тәрбиеші Нураддинова Хадижат Алиполадовна 1-ші Республикалық «Педагогикалық табыс» педагогикалық байқауында «Педагогикалық эссе» номинациясы бойынша 1-орынға ие болып, медальмен марапатталды. Хадижат Алиполадқызын құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!
Жалпы ата-аналар жиналысы
25.12.2021 ж. балабақшамызда ZOOM платформасында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Балабақша директоры М.Т. Нурмуханова жалпы ата-аналар жиналысын алғы сөзбен бастады. Ата-аналарға балабақша туралы мәлімет беріп, жиналыстың күн тәртібімен таныстырып өтті.
«Біз - тәуелсіз елміз!»
Қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың бейнелеу өнері мамандарына арналған «Біз тәуелсіз елміз» атты сырттай көрме байқауына балабақшамыздың бейнелеу өнері маманы Зинеденова Әсем Сағидоллақызы қатысып, жүлделі 1 бірінші орынды иеленді.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
«Үздік тәлімгер»
Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен Маңғыстау облысында жұмысшы кадрларды даярлаудың дуальды жүйесін құру жобасын іске асыруға қатысқан кәсіпорындар тәлімгерлері арасындағы «Үздік тәлімгер» байқауында балабақшамыздың тәжірибелі тәрбиешісі Нураддинова Хадижат Алиполадовна «Үздік тәжірибе алаңы» номинациясына ие болды.





