2 0010011221

Республика күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес бөбекжайымыздың мектепалды даярлық топ балалары мемлекеттік гимнді орындады.

ak sad 1

Жаңа 2022-2023 оқу жылында бөбекжайда сенсорлық бөлме ашылды.

Сенсорлық бөлме балалардың дамуына, "әлем бейнесін" қалыптастыруға арналған. Сабақтар белсенді ынталандыруды релаксациямен ауыстыра отырып, ойын түрінде өтеді. Сенсорлық бөлме шарлары бар құрғақ бассейнмен, ауа көпіршігі бағандарымен, сенсорлық интерактивті панельдермен, дыбыстық жабдықтармен, денсаулық жолдарымен жабдықталған.

aug 0 1

«Балалар жылы - 2022» аясында ағымдағы жылдың 4 тамызында Ақтау қаласы әкімдігі мен Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйыдастыруымен бөбекжайымызда «Көңілді старт» спорттық іс-шарасы өтті.

image 04 08 22 03 23 1 1

«Табиғат – тіршілік көзі» екені баршамызға аян. Балаларға өз өлкесінің табиғатын таныту, сол табиғатты аялауға сәби кезінен үйрету мақсатында балабақша экологиялық тәрбие беру бағытын ұстанып келеді. Бұл бағыттың бірінші белгісі – ауладағы табиғатымыз. 

Бірлік пен тірліктің арқасында балабақша ауласының көгалданып жайқалуы, әр түрлі ағаштар мен гүлдердің өсірілуіне ат салысқан тәрбиешілер мен ата-аналарымызға алғыс айтамыз. 

Балалар тәрбиешілерімен бірге еккен дәндерден шыққан өнімді көргенде қуаныштарында шек болмады. Себебі көктемде дәндерді егіп, әр серуенге шыққан сайын оларға су құйып, баптап келеді.

Осылай қоршаған ортамен таныстыру арқылы балалардың ақыл-ойын дамытумен қатар табиғатқа деген қамқорлығын арттырып келеміз.

image 25 07 22 10 57 6

Балабақшаның жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес осы аптада топ балалары тәрбиешілерімен бірге “Балалық шақ еліне саяхат” тақырыбында ертегілерді сахналады:

1 топ “Балапан” - Ақылды балапан

3 топ “Балдырған” - Репка

4 топ “Балбұлақ” - Мақтақыз бен мысық

7 топ “Еркетай” - Телефон

8 топ “Ақбота” - Теремок

9 топ “Құлыншақ” - Волк и семеро козлят.

Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін бәрімізге мәлім. Сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңіру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет ету мақсатында ұйымдастырылған бұл шара өз деңгейінде өтті.

image 25 07 22 10 55

«Балалар жылы - 2022» орай балабақшамызда «Балабақша - қуаныш үйі» атты интеллектуалдық ойындар сайысы өтті. Сайысқа ата-аналар балаларымен бірге қатысты. Әр түрлі интеллектуалдық ойындар ойнау, логикалық тапсырмарды шешу арқылы өткен сайыс өте қызықты әрі тартымды өтті. 

Ата-аналарымыз осы уақытқа дейін балабақшада ұйымдастырылып жүрген әр түрлі спорттық жарыстарда бақ сынап жүрсе, бүгін өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін көрсете білді. Балаларға да өз ата-аналарымен бірге қатысқан интеллектуалдық ойындар сайысы оң әсер берді.

image 25 07 22 03 07

Жаз - бұл балалар үшін көңілді демалыс уақыты. Жазғы кезеңнің ең танымал мерекелерінің бірі - "Нептун күні". Бұл мереке балаларға да, ересектерге де жақсы таныс.

Біздің балабақшада 29 маусымда "Нептун күні" мерекесі өткізілді. Сценарий бойынша Нептун теңіз шайтандары өзіне алып кеткен Перизатты іздейді. Су перісі Нептун мерекесіне орай балаларға арнайы салынған жаңа субұрқақтың кілті болды, егер балалар Перизатты босатуға көмектессе, субұрқақтың кілтін табыстайтынын айтты. Мерекеге барлық балалар қатысты, олар теңіз патшасының тапсырмаларын орындады. Арнайы ұйымдастырылған өте қызықты ойындар:" Сулы қолдар"," Теңіз бір рет толқып тұр..." және су тақырыбындағы "Үйректерді құтқарамыз","Су ішейік","Өзенді кім тез толтырады","Су пейнтболы" байқаулар мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға және балалардың жағымды эмоцияларын көрсетуге ықпал етті. Мектеп жасына дейінгі балалар нәтижеге қол жеткізуде батылдық, ізгілік, табандылық танытуға мүмкіндік алды. Барлық ойындар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалды.

Балалар риза болды және теңіз патшасы Нептунмен келесі кездесуді асыға күтеді. Мереке көңілді өтті! Барлық балалар мерекеден көптеген әсер алды.

Қосымша 

Қазақ тілін оқуға арналған порталдар

«Аbai.institute» - 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.

IMG 9037

3 маусым күні балабақшамызда мемлекеттік рәміздер күніне орай "Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтанышымыз"- тақырыбында мерекелік шара өтті. Барлық балалар бір мезгілде Мемлекеттік Гимнді орындады. Мерекеде балалар Рәміздер туралы тақпақтар айтып, патриоттық әндер орындап, ұлттық би биледі.

17.03.22 1

Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Наурыз мерекесі біздің балабақшамызда да аталып өтті. Әр топ өзінің дайындаған бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар әр топта дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Балалар дастарқанның басты асы наурыз көжеден дәм татып, үлкендердің батасын алды. Балалар ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнайды. Балабақшада "Ұлыстың Ұлы күніне" арналған мереке ерекше қуанышты өтті. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!